Date of publication: 20.03.2015 17:04
Date of changing: 20.03.2015 17:05

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде көктемнің жаңару мерекесі – Наурыз мейрамы өткізілді.

Салтанатты жиналыста МКД басшысы А.М. Паяев Наурыз мейрамымен құттықтап, шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз – бұл жаңа жыл бастауы, оның көктемнің түлеуімен сәйкес келетінін атап өтті. Қазақ халқы үшін бұл мереке көктемнің жаңаруы, махаббат салатанаты, өсіп-өну және достық белгісі іспетті.

Департаменттің алдына қойған міндеттерін орындауда табыстар тілеп Қостанай облысы бойынша МКД ардагерлері А.А. Қаражанов, А.Е: Середенко, Ж.С. Калисов сөз сөйледі.

Мереке құрметіне дастархан жайылып, «Тұсау кесер» дәстүрі көрсетілді. Мереке Департамент мамандарының күшімен қойылған концерттік бағдарлама және қонақтарға «Наурыз көже» және палау ұсынумен өз жалғасын тапты.