Date of publication: 19.10.2020 11:02
Date of changing: 19.10.2020 11:15

18 307  адам (борышкерлердің жалпы санының 27%) салықтық рақымшылық жасау мүмкіндігін пайдаланып үлгерді. Олар 198,6 млн. теңге сомасындағы қарыздарын өтеген, бұл ретте өсімпұлдар шамамен 14,5 млн.теңгеге есептен шығарылды.

2020 жылғы өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияның басына  68 790  жеке тұлғаның көлік құралдары, мүлік және жер салығы бойынша жалпы берешегі 901,9 млн.теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш сомасы 774,3 млн. теңге, өсімпұл 127,6 млн. теңге.

         Салықтық  рақымшылықты пайдаланған азаматтар саны бойынша көшбасшылар үштігінде – Қостанай қ. (5 225), Қостанай ауданы (1 546) және Арқалық қ. (1 302).

Салықтық  рақымшылықты ең аз пайдаланған азаматтар Науырзым (79), Жангелді (249), Меңдіқара (267) және Қамысты (267) аудандарында.

Есептен шығарылған өсімпұлдың ең көп сомасы Қостанай қаласына (5,3 млн.теңге), Рудный қаласына (1,6 млн. теңге), сондай-ақ Қостанай ауданына (1,3 млн. теңге) келеді.

Ең  аз  сома Науырзым (33 мың теңге), Меңдіқара (126 мың теңге) және Жітіқара (143 мың теңге) аудандарында.

Есептен шығарудың басты шарты салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу болып табылады. Өсімпұл берешегі  төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады.

Салықтық рақымшылық жүргізу мерзімі - 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

 

Өндірістік емес төлемдер басқармасы