Date of publication: 20.03.2015 17:49
Date of changing: 20.03.2015 17:50

                                                  Бірыңғай күн кеңесі

 

 

       Аманкелді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында , 2015 жылдың 19 науырызында ,  сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін    ,кәсіпкерлікті жаңадан бастап жатқан тұлғалар үшін  ,  Бірыңғай  күн кеңесі өткізілді.

    Кәсіпкерлікті жаңадан бастап  жатқан тұлғаларға ,мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары , кәсіпкерлікті жаңадан бастап жатқан салық төлеушілердің  сұрақтарына жауап беріп, кеңестер беріп,түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бірыңғай күн кеңесіне :бөлім  басшысы С.Ержан, бас мамандар М.Талғатбек,А.Ещанов   қатынасып сұрақтарға жауап берді.

Бірыңғай күн кеңесіне  11 жеке тұлға қатынасты , нәтижесінде 2 жеке тұлға ,жеке кәсіпкер ретінде тіркелді, олар Жумабек Марат- такси қызметі,Омаров Талгат-такси қызметі.

Тоғыз  салық төлеушілердің     берген сұрақтарына, мамандар  толық жауап берді.

Бірыңғай күн кеңесіне қатынасушыларға жаднамалар таратылып берілді.

Бірыңғай кеңес туралы мақала  аудандық «Аманкелді арайы" газетінің  № 6  13.02.2015 жарияланды. Мақала аудан әкімінің сайтына қойылды.

Бірыңғай күн кеңесі туралы хабарландырулар  мемлекеттік кірістер басқармасының,аудан әкімінің ,3 базардың хабарлама тақталарына орналастырылды.

26.02.2015 жылдан ,Бірыңғай күн кеңесін өткізудің нәтижесінде  7 салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Барлығы 30 салық төлеуші қатынасты.