Date of publication: 03.02.2021 18:06
Date of changing: 03.02.2021 18:06

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев 9 авто мен 1 теміржол өткізу пункті қайта жаңартылатынын, техникалық қайта жарақтандыру да жоспарланғанын айтты.

Ол Өзбекстанмен шекарадағы «Б.Қонысбаев» бақылау-өткізу бекетін жаңарту жұмыстары аяқталғанын еске салды.

«Нұр Жолы» бақылау-өткізу пунктінің үлгісімен шекара кептеліс туғызатын учаскелерінде мобильді қосымша арқылы кезекті алдын-ала брондауға мүмкіндік беретін «Электронды кезек» жүйесін енгізу жоспарлануда.

Сондай-ақ навигациялық пломбаларды енгізу кеңейіп келеді, бұл көлік ағындарын бақылауға және жалған транзит фактілерін азайтуға мүмкіндік береді», - деді Сұлтанғазиев.