Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті «Өсімдіктер карантині туралы» ҚР Заңының 7-бабы 1-тармағының 19-1) тармақшасын, өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның 7-бабының 1-тармағын, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 56-бабының 4-тармағын, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымшаның 25-тармағын басшылыққа ала отырып, 2021 жылғы 16 қаңтардан бастап Әзірбайжан Республикасының аумағынан карантинге жатқызылған өнім - қызанақ жемістерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0702 00 000) Қазақстан Республикасына әкелуге тыйым салу түрінде уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізу туралы шешім қабылданды.
Кедендік әкімшілендіру басқармасы