Date of publication: 04.02.2021 17:43
Date of changing: 04.02.2021 17:45

2020 жылғы 6 қазанда Қазақстан Республикасының  Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Заң сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған.

Заңда мемлекеттік қызметкерлермен олардын отбасы мүшелерінің сыйға тартушының пайдасына жасаған іс-әрекеті үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салу белгіленген.

Қазіргі уақытта кылмыстық кодексінің 367 бабына сәйкес, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік адамдарға, оларға теңестірілген адамдарға, жауапты лауазымды адамдарға немесе лауазымды адамға заңды әрекетіне(әрекетсіздігіне) 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар беру(пара беру) қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 676, 678 баптарына сәйкес, жеке немесе заңды тұлғалардың жоғарыда аталған лауазымды адамдарға сыйлықтарды заңсыз сыйға тартуы әкімшілік сыбайлас жемқорлық актісі болып табылады.

Осылайша, қолданыстағы заңнама  сыбайлас жемқорлық субьектілеріне олардын қызметтік жағдайына байланысты қандайда бір бағалы сыйлықтар беруге тыйым салады(2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомадағы сыйлық әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады, 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы сыйлық қылмыстық  жауаптылыққа әкеп соғады).

Жоғарыда айтылғандардың негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге ұшыраған адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықтар, сыйақы  мен қызметтер алуға тыйым салады.

Жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдар мемлекеттік мүлік комитетінің аумақтық бөлімшесіне және ҚР ҚМ жекешелендіруіне сыйлықтарды алған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде тапсыруға міндетті.

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы