Date of publication: 02.04.2015 17:32
Date of changing: 02.04.2015 17:39

                   2015 ж. 19.03. Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқарамасының ғимаратында  Қостанай облысы Департаментінің түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы М.М. Ескендированың, түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Б.У. Ерменованың, Қостанай ауданы кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры А.С. Нурсагитованың қатысуымен,  «Бастапқы кәсіпкерлер үшін ашық есік күні» кезекті күні өткізілді.

 

 

 

 

 

 

Алдымен, бұл акция бастаушы кәсіпкерлер үшін көмек ретінде өткізіледі. Жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркелуге болады, қандай салық режимі бірінші рет тіркелген жеке кәсіпкерлер үшін қабылдауға тиімдірек, салықтар қалай төленеді, ЖК қандай салық есептілігінің нысаны ұсынылады, барлық сұрақтар бойынша Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары А.А.Бекенов жауап берді. Бастаушы кәсіпкерлердің сұрақтарына сонымен қатар МКД өкілдері де жауап берді.

Сонымен қатар мұнан әрі бейсенбі күні сайын сағ. 09.00 ден 18.00ге дейін  барлық тілеушілерге келесі тақырыптар бойынша Қостанай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарынан кеңестер алуға мүмкіндіктері бар:

- жеке кәсіпкер ретінде тіркеулер;

-  бақылау-кассалық аппараттарын қолдану;

POS-терминалдарды қолдану;

- электронды түрде салық есептілігінің нысанын ұсыну;

- мүліктерді заңдастыру;

- арнайы салық тәртібін қолдану;

- қызметтің жеке түрлерін лицензиялау;

- әкімшілік жауапкершілікке тарту;

- электронды салық төлеуші ретінде қалай тіркелу керектігін;

- салық есептілігін сипаттау және тоқтату тәртібі;

 - жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату.

 - салық есептілігінің нысанын толтыру және ұсыну тәртібі және де тағы басқа көңіл аудартатын сұрақтар бойынша.

       

 

Айгуль Сарыбайқызы  Нурсагитова

Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры

Бизнестің көлемі және оның орналасқан жерінің тәуелділігінен , салық салу сұрақтары жеке және де заңды тұлғалар үшін аса маңызды болып табылады. Сондықтан мемлекеттік органдардың бизнеспен байланысы – әрқашан пайдалы деп есептеймін. Мемлекет шенеуніктер мен тұрғындардың арасының жақындығын қолдау керектігін түсіну керек. Сондықтан Қостанай ауданы бойынша МКБ  бизнес субъектілерінің алдында ашық кеңестің өткізілу күніне үлкен алғысымды білдіремін.

 

 

Ольга  Федорова

Қостанай ауылшаруашылық колледжінің студенті.

Маған мамандардың сауатты кеңес берулері, өткізілген кеңестер күнінде қатысу өте қатты ұнады, бастаушы кәсіпкерлер үшін өте пайдалы ақпарат. Болашақта мен ЖК ашуды жоспарлаймын, және берілген кеңестердің болашақта көмек болатынына куанышты боламын. 

 

 

 

Ж.Е. Сисембаев

Келісімшарт бойынша жұмыс істеймін.
 

ЖК ашқым келген, мен бастаушы  бизнесмен  ретінде  өзімнің құқығымды білмеймін, енді  жеке кәсіпкер ретінде қалай тіркелу керек екендігі түсінікті және барлығы қолжетімді, өте сауатты кеңестер берілді, мұндай іс-шаралар қажетті, Сізге үлкен рахмет!

 

 

Кеңес күнінің аяқталуы бойынша барлық  қатысушыларға жадуалдар таратылды.

 

Қостанай ауданы бойынша МКБ

Қостанай облысы бойынша МКД