Date of publication: 02.04.2015 18:07
Date of changing: 02.04.2015 18:10

2015 жылдың 27 наурызында     «Бухгалтерлік есеп және аудит»  кафедрасында  «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік табыс комитетінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік табыс департаментінің»  аудит басқармасының басшысы  Батырбаев Б.К. тәжірибеге-бағытталған оқыту аясында, 5B050800-Есеп және аудит және 5B050900-Қаржы мамандықтарының студенттері үшін мәселелік дәріс өткізді.

 Салықтық есеп беру тәртібіндегі және салық қызметте өткен   структуралық өзгерістер, 2015 ж. 01 қаңтарынан бері ҚР салықтық заңнамасына енген негізгі өзгертулер туралы ақпараттар студенттердің назырына ілінді.

«Бухгалтерлік есеп және аудит»  кафедрасы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік табыс комитетінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік табыс департаментінің» аудит басқармасы базасында тәжірибеге-бағытталған оқытуды өткізу және білікті мамандар дайындау мақсатында,  кафедраның бөлімшесін құру туралы келісімге қол жеткізді.

Мемлекеттік табыс департаментінің  аудит басқармасында өткен өндірістік тәжірибенің нәтижесі бойынша «Есеп және аудит» мамндығының 4-ші курс студенттері: Тагленова М., Малых К., Тахмазова В., Гучигова Л. Аксенова Т. осы департаментте жұмыстарын жалғастыру туралы ұсыныс алды.

С уважением,
Департамент государственных доходов по Костанайской области
dgd.kostanay@mail.ru