Date of publication: 23.11.2021 09:31
Date of changing: 23.11.2021 09:43

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен «көлік құралдарына арналған кедендік декларация» (автокөлік құралдары бөлігінде) (бұдан әрі – КҚКД) және жолаушылар кедендік декларациясы» (бұдан әрі - ЖКД) модульдерін «Астана – 1» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «АСТАНА – 1» АЖ), декларанттарға КҚКД (автокөлік құралдары бөлігінде) және ЖКД дербес беру мүмкіндігіне рұқсат беру бөлігінде жаңғырту бойынша жұмыс жүргізілді.

КҚКД (автокөлік құралдары бөлігінде) және ЖКД дербес беру мүмкіндігі үшін Сізге «АСТАНА-1» АЖ кіру логині мен паролін алу үшін Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2 а мекенжайы бойынша орналасқан Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпараттық технологиялар басқармасына жүгіну қажет.
 

Кедендік әкімшілендіру басқармасы