Date of publication: 13.01.2017 15:52
Date of changing: 13.01.2017 17:53

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде «Дөңгелек үстел» болып өтті  

2017 жылдың 12 қаңтарында Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінде Қостанай облысының КҰП өкілдерінің, сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларымен «Дөңгелек үстел» болып өтті.

Күн тәртібіне келесі тақырыптар шығарылды:

      1.01.01.2017 жылдан бастап енгізілген Қазақстан Республикасының кедендік заңнамасының нормалары;

      2. ПСЭҚ қатысушыларының уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу барысында арнайы жеңілдіктер және басымдықтар.

Отырысты құттықтау сөзімен Департаменттің басшысы орынбасарының м.а. А.А. Ли ашты және дөңгелек үстелдің күн тәртібімен таныстырды.

            Отырыс барысында СЭҚ қатысушыларынан уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шартына қатысты ұсыныстар мен сұрақтар түсті. «Баян-Сулу» АҚ өкілі электронды шот фактураларды пайдалану бойынша сұрақ түсті, «Стофарм» ЖШС-нің өкілінен бұрын алынып тасталған сақтандыру келісім-шарттарымен қамтамасыз етуді қолдану сұрақтарын қарастыру және қамтамасыз ету сомасын төмендету бойынша ұсыныстар түсті.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша  уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шартына қатысты сұрақтар бойынша уәкілетті органға ұсыныстар және сұраныстар жолдау туралы шешім қабылданды.

Қорытындысында А.А. Ли барлық қатынасушылардың белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді және осыдан кейінгі уақытта да жемісті ынтымақтастыққа үмітті екенін айтты.