Date of publication: 28.04.2017 16:34
Date of changing: 28.04.2017 16:36

Кедендік декларацияны бергенге дейін кедендік декларациялау және тауарларды шағыру кезінде кедендік операцияларды жасау қағидалары

«План нации - 100 конкретных шагов по реализации пяти институциональных реформ»  бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті «Постфактум» кедендік тазарту режимін енгізу» 40-қадамын іске асырды. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жеке санаттарына кедендік декларацияны ұсынғанға дейін тауарларды шығаруға мүмкіндік беру дегенді білдіреді. Аталмыш рәсім кедендік шекара арқылы өту кезінде тауарларға декларация ұсынбаусыз тауарларды кедендік тазартуды қарайды.

Қазіргі таңда кедендік декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару Кеден одағының Кеден кодексінің 197-бабымен және «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 298-бабымен реттеледі және тауарлардыңмына санаттарына қатысты қолданылады: табиғи зілзала салдарын, табиғи төтенше және техногендік сипаттағы жағдайларды жою үшін қажетт тауарлар; әлемді қолдау бойынша немесе оқу-жаттығуларды өткізу бойынша акцияларды орындау үшін әскери бағыттағы өнім; тез бұзылуға ұшырайтын тауарлар; тірі жануарлар; радиоактивті материалдар; жарылғыш заттар; экспресс-жүктер; халықаралық пошталық жөнелтімдер; гуманитарлық және техникалық көмек; БАҚ үшін хабарламалар және материалдар; халықаралық тасымалдаудың,көлік құралдарын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер, қозғалтқыштар, шығын материалдары,жабдықтар және құралдар, сондай-ақ уәкілетті экономикалық опретаорлардың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар.

Кодекстің 298-бабына сәйкес  кедендік транзит кедендік рәсімін қоспағанда, Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін (әкелінген) тауарлардың жекелеген санаттарын кедендік рәсімдермен орналастыру кезінде, сондай-ақ осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті экономикалық операторларға қатысты арнайы оңайлатуды қолдану кезінде тауарларды шығару декларант:

1) тауарларды жөнелтуші және алушы, тауарларды жөнелтуші және жеткізілу межеленген ел туралы мәліметтер, тауардың атауы, сипаттамасы, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша кемінде алғашқы төрт белгі деңгейіндегі сыныптау коды, тауарлардың саны, брутто салмағы және құны бар коммерциялық немесе өзге де құжаттарды;

2) оның кедендік декларацияны бергені және тауарларды шығару айынан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей тауарларды пайдалану мақсаты және тауарлар орналастырылатын кедендік рәсім туралы мәліметтер қамтылған қажетті құжаттар мен мәліметтерді табыс еткені туралы жазбаша нысандағы міндеттемені;

3) тыйым салулар мен шектеулердің сақталғанын растайтын құжаттар мен мәліметтерді табыс еткен жағдайда кедендік декларацияны берген кезге дейін жүзеге асырылуы мүмкін.

Кедендік декларациялау және кедендік декларация берілгенге дейін тауарларды шығару кезінде кедендік операцияларды жасау қағидаларын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

2. Тауарлар кедендік декларация берілгенге дейін шығарған кезде осы тауарларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндет:

1) декларантта мұндай шығару кезінен бастап туындайды;

2) осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағының 1) – 7), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген жағдайларда және кедендік декларацияға тауарларды шығару туралы белгілер енгізу (қою) кезінде тоқтатылады.

3) мыналар:

      осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткенге дейін орындалуға жатады. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, кедендік декларацияны тіркеген күні қолданыста болған кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және валютаның нарықтық бағамы қолданылады;

      егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзім ішінде кедендік декларацияны бергенге дейін шығарылған тауарларға қатысты кеден органы кедендік декларацияда тауарларды шығару туралы белгі енгізбеген (қоймаған) жағдайда – осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңғы күні орындалуға жатады. Бұл ретте кедендік әкелу баждарын, салықтарды есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мерзімнің соңғы күні қолданыстағы кедендік баждардың, салықтардың ставкалары және нарықтық валюта бағамы қолданылады.

3. Осы Кодекстің 276-бабында көрсетілген тауарларға қатысты, дүлей зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін қажетті тауарларды, бейбітшілікті сақтау не оқу-жаттығулар өткізу жөніндегі акцияларды орындау үшін қажетті әскери мақсаттағы өнімді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен оның филиалдары әкелетін валюта (оның ішінде шетел валютасы) және тазартылған алтын түріндегі құндылықтарды, сондай-ақ гуманитарлық және техникалық көмекті қоспағанда, оларды кедендік декларацияны бергенге дейін шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылады.

4. Уәкілетті экономикалық оператор декларанты болып әрекет ететін тауарларды кедендік декларация бергенге дейін шығару, төленуге жататын кедендік әкелу баждарының, салықтардың сомасы осы Кодекстің 62-бабына сәйкес уәкілетті экономикалық оператор берген кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасынан аспаған жағдайда қолданылады.

Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы