- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 26.07.2017 09:58
Date of changing: 26.07.2017 09:59
«Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы»
2017 жылғы 22 шілдеде «Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 20.06.2017 жылғы №68 шешімі күшіне енді.
Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілген ӨЗГЕРІСТЕР:
- 15-тармақтың 45-тармақшасында:
а) төртінші абзацта (кестеден кейін) «Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта курсы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада» сөзі жойылсын;
б) бесінші абзацта (кестеден кейін) "*EURO" сөзі жойылсын;
в) тоғызыншы абзац (кестеден кейін) жойылсын;
г) жиырма жетінші абзацта (кестеден кейін) «және Қазақстан Республикасына» сөзі жойылсын;
д) жиырма сегізінші абзац (кестеден кейін) «Беларусь Республикасына» сөзінен кейін «Қазақстан Республикасына» сөзімен толықтырылсын.
- 18-тармақтың 2-тармақшасының жиырма төртінші (кестеден кейін) абзацы мәтін бойынша тиісті септіктегі «алушы» сөзі тиісті септіктегі «жөнелтуші» сөзімен ауыстырылсын.
- 25-тармақтың 4-тармақшасында:
а) он екінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
"Баған толтырылмайды:";
б) он үшінші абзацта «дайындалған» сөзі «дайындалған, тауарларды декларациялау кезінде Армения Республикасында, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясында» сөзімен ауыстырылсын;
в) он төртінші абзацта «дайындалған» сөзі «дайындалған, тауарларды декларациялау кезінде Ресей Федерациясында» сөзімен ауыстырылсын.