Жарияланған күні: 26.07.2017 09:58
Өзгертілген күні: 26.07.2017 09:59

      

«Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы»

 

         2017 жылғы 22 шілдеде «Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының 20.06.2017 жылғы №68 шешімі күшіне енді.

Тауарларға арналған декларацияларды толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа енгізілген ӨЗГЕРІСТЕР:

  1. 15-тармақтың 45-тармақшасында:

      а) төртінші абзацта (кестеден кейін) «Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес белгіленген валюта курсы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада» сөзі жойылсын;

      б) бесінші абзацта (кестеден кейін) "*EURO" сөзі жойылсын;

      в) тоғызыншы абзац (кестеден кейін) жойылсын;

      г) жиырма жетінші абзацта (кестеден кейін) «және Қазақстан Республикасына» сөзі жойылсын;

      д)  жиырма сегізінші абзац (кестеден кейін) «Беларусь Республикасына» сөзінен кейін «Қазақстан Республикасына» сөзімен толықтырылсын.

  1. 18-тармақтың 2-тармақшасының жиырма төртінші (кестеден кейін) абзацы мәтін бойынша  тиісті септіктегі «алушы» сөзі тиісті септіктегі «жөнелтуші» сөзімен ауыстырылсын.
  2.  25-тармақтың 4-тармақшасында:

      а) он екінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:

      "Баған толтырылмайды:";

      б) он үшінші абзацта «дайындалған» сөзі «дайындалған, тауарларды декларациялау кезінде Армения Республикасында, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясында» сөзімен ауыстырылсын;

      в) он төртінші абзацта «дайындалған» сөзі «дайындалған, тауарларды декларациялау кезінде Ресей Федерациясында» сөзімен ауыстырылсын.