- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 10.10.2017 15:59
Date of changing: 10.10.2017 16:00
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 587 «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» қаулысына сәйкес Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға:
- 2017 жылғы 13 қазандан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін үш жүз жиырма теңге;
- 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін үш жүз қырық теңге;
- 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанға дейін үш жүз алпыс теңге;
- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз сексен теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.
Бөлшек саудада фильтрлі, фильтрсіз сигареттерін және папиростарын бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен өткізуге тыйым салынады.