Жарияланған күні: 10.10.2017 15:59
Өзгертілген күні: 10.10.2017 16:00

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті келесіні  хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 587  «Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға  ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» қаулысына сәйкес Фильтрлі, фильтрсіз 20 (жиырма) сигаретке және папиростарға:

      - 2017 жылғы 13 қазандан бастап 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін үш жүз жиырма теңге;

      - 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін үш жүз қырық теңге;

      - 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 31 қаңтарды қоса алғанға дейін үш жүз алпыс теңге;

      -  2019 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жүз сексен теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағалары белгіленсін.

Бөлшек саудада   фильтрлі, фильтрсіз сигареттерін  және папиростарын  бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен өткізуге тыйым салынады.