Date of publication: 07.08.2018 17:30
Date of changing: 08.08.2018 17:20

2018 жылдың 31 тамызда Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары сот орындаушылармен қосы автокөлік құралдарына салыұ бойынша борышкерлерді қысқарту мақсатында рейдтке шыққан. Нәтижесінде анықталғаны автокөлік иелерінің көбі салық кодексін сақтамайды және салықты адал ниетпен төлемейді.

Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері жеке сот орындаушысы Е.К. Турмагамбетовпен бірге автокөлік құралдарына салық бойынша борышты мәжбүрлі түрде өтеу мақсатында рейд өткізілген. Оған дейін МКБ қызметкерлерімен борышты өтеу бойынша барлық шараларды қолданған, оның ішінде банктік шоттарына тұтқындау салу және ҚР шекарасынан шығуға тыйым салу қолданылған.

Олай күн барысында 9 автокөлік иелері – борышкерлерді аралау өткізілген. Меншікті жазу бойынша сұрағы тұрған уақытта кейбір салық төлеушілер мүмкіндігінше борышты өтеді. Басқа салық төлеушілер бойынша сот орындаушысымен меншік жазуы жасалған.

Рейд барысында 1 жуу машинасы, 5 теледидар, 3 тоңазытқыш, 3 автокөлік, 1 мотцикл және 1 компьютер жазылыған болатын.

Рейдтің басты мақсаты – борышты өтеу, сонымен қатар көлік иеленушілерді адамгершілікке тәрбиелеу және салық заңнамасын атқару бойынша жауапкершілікке тәрбиелеу – басқармасының бас маманы Алмат Шакаров санайды.

Салықтарды уақытында төлеуден бас тарту қауіпті, рейд ол салық төлемеушілер санын қысқарту бойынша шұғыл шаралардың бірі болып саналады.

Осы жылдан бастап салық бойынша міндеттемесін орындаған және борышты өтеген 1003 салық төлеушілер 10 млн. 712 мың теңге соммасына борышты өтеген. 2018 жылдың 31 тамыз күніне Қарасу ауданы бойынша автокөлік құралдарына салық бойынша борышы 2 млн. 218 мың теңге құрайды.

Өкімақының өсуі мен сәйкес шұғыл шаралардың қолданылуын жібермеу үшін Қарасу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы автокөлік иелеріне автокөлік құралдарына салық бойынша борышты уақытында төлеу қажет екендігін хабарлайды.

 

Қарасу ауданы бойынша МКБ