Date of publication: 07.12.2018 17:13
Date of changing: 07.12.2018 17:26

Қостанай облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Баспасөз-релизі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының қолдауымен жыл сайынғы "Түбіртекті талап ет – Жүлде  ұтып ал!" акциясын өткізеді.

Акция 2018 жылдың 21 мамырынан басталып, 2018 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасты.

Аталған  акция азаматтық  белсенділікті  арттыру, кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандыру, сондай-ақ көлеңкелі экономиканың көлемін  қысқарту мақсатында өткізіледі.

Акцияға ҚР барлық азаматтары қатыса алады. Қатысу үшін "Wipon" бағдарламасын көшіріп, сол  арқылы түбіртекті суретке түсіріп, жіберу қажет.

 

         Жүлделер ұтыс ойыны әр айдың соңында өтеді.

Гранд финал ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында жүлделер татысталатын Мемлекеттік кірістер комитетінде өтеді, сонымен қатар және басты жүлде АВТОКӨЛІК.

 

2018 жылғы 21 мамырдан бастап 2018 жылғы 30 қарашаға дейін акцияға Қостанай облысы бойынша 189,0  мыңнан астам фискалдық түбіртектер жіберген 2000-нан астам қатысушылар  қатысты.

 

2018 жылғы 08 желтоқсанда сағат 15.00-де "Март" СОСО-да қараша айындағы, жүлделер ұтыс ойыны өтеді, сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер Департаменті сауда-ойын-сауық орталығының әкімшілігімен бірлесіп "Жаңа форматтағы сауда – ойын-сауық орталығы" пилоттық жобасын жүзеге асырады, оның мақсаты БКМ онлайн және POS-терминалдарды қолдану арқылы сатып алушылар мен сатушылар арасындағы барлық өзара есеп айырысуларды жүзеге асыру болып табылады.

 

Келушілер  әрбір  зат  сатып  алғаны  үшін  кассалық  түбіртек  алады, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемдер жасай алады.

 

Департаментпен, оған сауда-ойын-сауық орталығының келушілері ұтыс ойынына қатысу үшін түбіртектер  түсірілген барабан орнатылды.

Акцияға қатысу үшін негізгі шарт  түбіртектердің фискалды болуы, түбіртектердегі күні 2018 жылғы 5-8 желтоқсан аралығында сауда-ойын-сауық орталығында жасалған сатып алулар үшін.  Түбіртектің  артқы жағында ұялы телефонды көрсету қажет болады.

 

 

Аталған акцияның 3 жеңімпазына сыйлықтар беріледі.

 

 

Өтетін орны: Қостанай қ, , «Март» СОСО 1 қабат.

БАҚ  тағайындау  53-69-90  телефоны  бойынша жүргізіледі (байланыс тұлғасы – Замятин Сергей).

 

 

 

 

Департаменттің  Баспа-сөз  қызметі