Date of publication: 07.12.2018 18:25
Date of changing: 07.12.2018 18:27

 

         Тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалау тәртібі сәйкес Қазақстан Республикасына ЕАЭО-ға мүше болып табылмайтын мемлекеттердің аумағынан Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер кедендік рәсімдерге орналастырғаннан және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасағаннан кейін көрсетілген тауарлардың таңбалауын қамтамасыз етеді. Бұл ретте, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер тауарларды кедендік рәсіммен орналастыру күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Тізбеге енгізілген тауарларды таңбалауды жүзеге асырады.

         Пилоттық жобаны іске асыру Ережелерінің 23-тармағына сәйкес Заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер Тізбеге енгізілген тауарларды әкелген кезде кедендік рәсімдермен орналастырған және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жасаған сәтінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей СБӨ-де Тапсырысты ресімдейді.

Тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидаларына 3-қосымшасына сәйкес жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар тері өнімдерін  сатқаннан кейін "Тауарларды таңбалау" СБӨ –не әр БИБ бойынша мәліметтерді енгізу қажет. Содан кейін таңбаланған тері өнімдерін балансқа қабылдап, сатылғаннан кейін айналымнан шығару керек.

Кәсіпкерлер тері өнімдерін бақылау (идентификациялау) белгілерімен таңбалағаннан кейін ғана сату қажет (БИБ).

 

Қостанай  қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы