Date of publication: 11.04.2019 09:46
Date of changing: 11.04.2019 09:48

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 10.04.2019 жылы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (бұдан әрі - СЭҚҚ) және кеден өкілдерімен «дөңгелек» үстел өткізілді.

Күн тәртібі бойынша Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасының бас маманы  Н.Б. Мусафиров сөз сөйлеп, «Есеп жүргізу және есептілікті мемлекеттік кірістер органына ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығының 11,12-тарауларына сәйкес шетелдік тауарлардың пайдаланылуы бойынша есепті ұсыну тәртібі мен мерзімімен таныстырды (бұдан әрі - бұйрық).

Шетелдік тауарларға ие және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғалар тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмей қызмет аймағында кедендік декларациялау (ресімдеу) жүргізілген мемлекеттік кірістер органына мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінедеректерді енгізу арқылы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған Excel форматындағы электрондық құжат түрінде осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда анағұрлым төмен кедендік әкелу баждары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есепті ұсынады.

Сонымен қатар, сөз сөйлеуші кейбір СЭҚҚ тарапынан аталмыш бұйрықты орындамау сақталмайды. Есептерді мерзімінде ұсынбау фактілері бар. Осылайша, 2019 жылдың 1-тоқсаны ішінде 8 СЭҚҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 370 мың теңгеден астам  айыппұл өндірілді.

Одан әрі кеден өкілдері, брокерлерге Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленген әкелу кеден бажы мөлшерлемесіне қарағанда анағұрлым төмен мөлшерлеме қолданылатын тауарларға арналған декларацияларды кедендік ресімдеу кезінде СЭҚҚ-ты 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығына сәйкес есепті ұсыну тәртібі мен мерзімімен міндетті түрде таныстыру қажеттілігін айтты.

Сондай-ақ, СЭҚҚ  кедендік, өзге құжаттарды және (немесе) мәліметтерді тауарлар шығарылғанға дейін басталған тексеру «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексінің 410-бабына сәйкес жүзеге асырылатыны жеткізілді.

 

 

               

 

Тарифтік реттеу және пост-кедендік бақылау басқармасы