- Departments by region
- Astana
- Almaty
- Ulytau Region
- Zhetysu Region
- Шымкент
- Abay region
- Akmola region
- Aktobe region
- Almaty region
- Atyrau region
- East Kazakhstan region
- Zhambyl region
- West Kazakhstan region
- Karagandy region
- Kostanay region
- Kyzylorda region
- Mangistau region
- Pavlodar region
- North Kazakhstan region
- South Kazakhstan region
Date of publication: 01.07.2019 10:14
Date of changing: 01.07.2019 10:18
Ереженің 25-тармағында келесі норма белгіленгеніне назар аударамыз:
«2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта көзделген, тауардың шығу тегіне байланысты ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылған жағдайда, бір көлік (тасымалдау) құжаты бойынша бір алушының атына одақтың кедендік аумағына әкелінетін және жалпы кедендік құны 150 АҚШ долларына баламалы сомадан асатын ұқсас тауарлардың шығу тегі тауардың шығу тегі туралы сертификатпен (ішкі нарықты қорғаудың қолданылатын шараларының сақталуын растау жағдайын қоспағанда) расталады".
Бұл ретте қағидалардың 14-тармағында «ұқсас тауарлар» деп Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының сол кодымен жіктелетін және оларға қатысты ішкі нарықты қорғау шаралары қолданылатын тауарлар сияқты сипаттамасы бар тауарлар түсінік беріледі.
Қазіргі уақытта ЕАЭО-да 16 қорғау шаралары қолданылады.
Осылайша, Кедендік бақылауды жүзеге асыру кезінде ереженің күшіне енуімен ұқсас тауарлардың импорты барлық жағдайларда тауардың шығу тегі тек шығу сертификатымен расталуы қажет.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2018 жылғы 14 маусымдағы № 60 шешіміне сәйкес, 2019 жылғы 16 қаңтарда күшіне енетін дамушы және аз дамыған елдерден тауарлардың шығарылу тегін анықтау қағидалары бекітілгенін қосымша хабарлаймыз.
Қосымша: 13 бетте.
Тарифтік реттеу басқармасы