Date of publication: 23.08.2021 11:22
Date of changing: 23.08.2021 11:30

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық  мемлекеттік  кірістер  органдары 2020 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеуді жүргізгенін хабарлайды. Бұл ретте бюджетке салықтарды төлеуді 2021 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізу қажет.

Салық Кодексіне сәйкес бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі  салық  салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне сайма – сай  есептеледі (осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші болып танылады).

Ортақ бірлескен меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық төлеуші осы салық салу объектісінің меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісім бойынша бола алады.

Салық кодексінің 73-бабында Мемлекеттік кірістер органдары есептеген  мүлік  салығы бойынша салық міндеттемелерінің сомалары туралы жеке тұлғаларды ақпараттандыру тәртібі айқындалған:

- коммуналдық қызметтерді жеткізушімен есеп айырысу үшін қолданылатын құжаттардағы нұсқаулар;

- салық төлеушінің электрондық пошта мекенжайына жіберу;

- салық төлеуші ұсынған ұялы телефон нөмірлеріне СМС-хабарлама жіберу.

Осы мақсаттар үшін салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органына өздерінің  телефон  нөмірлері  мен  электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді ұсыну құқығы берілді.

 

Өндірістік емес төлемдер басқармасы