Date of publication: 01.08.2016 17:07
Date of changing: 01.08.2016 17:11

POS-терминалдарға қатысты түсіндіру жұмысы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының қатысуымен POS-терминалдарды қолдануға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

2014 жылдың 1 шілдесінен бастап жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режимін қолданатын және (немесе) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі тұлғаларды қоспағанда, дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетілген қондырғыны орнату бойынша міндеттеме шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салықтық режимді қолданатын және облыстық маңызы бар қалаларда қызметті жүзеге асыратын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салықтөлеушілерге (ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлердегі тұлғаларды қоспағанда) жүктелген.

Департаменттің қызметкерлері «Французский центр» сауда орталығының кәсіпкерлеріне, маңында орналасқан дәріханаларға және «Black & White» кафесіне де кіріп POS-терминалдарды қолдану туралы ережесін түсіндірді.

Өткізілген іс-шара сауда орталықтарындағы бірнеше бутиктерінде және дәріханаларда POS-терминалдардың орналылмауының себебінен сатып алушылар пластикалық картамен төлемді жүргізе алмайтынын көрсетті. Мұндай салық төлеушілермен Департамент қызмеркерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ҚР заңнамасымен жүктелген міндеттерді орындауға шақырды, әкімшілік жауапкершілік және айыппұл сомалары туралы еске салды.

 

Департаменттің баспасөз қызметі

 

Пресс-служба Департамента