Жарияланған күні: 04.03.2021 09:31
Өзгертілген күні: 25.08.2021 12:22

Жеке тұлғалар «WhatsApp» мессенджері арқылы жеке тұлғалардың мүлік салығы, көлік құралдары салығы бойынша салық берешегін есептеу, төлеу жөнінде  қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады.

Сұрақтарды төмендегі кестеге сәйкес жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін көрсетілген нөмірлерге жіберуге болады.

Аймақ

МКБ  бекітілген "WhatsApp" ұялы телефон нөмірі

салық төлеушілердің өтініштеріне арналған қызметтік жұмыс телефоны

Алтынсарин

8-747-573-77-31

8 (714-45) 34-2-28

Амангелді

8-708-404-42-21

8 (714-40) 21-1-54

Әулиекөл

8-702-856-39-04

8 (714-53) 23-1-34

Б.Майлин

8-701-426-07-06

8 (714-36) 36-7-37

Арқалық қ

8-701-461-36-35

8 (714-30) 72-6-97

Қостанай қ

8-705-116-04-90

8 (714-2) 28-60-19;
8 (714-2) 28-17-01;
8 (714-2) 28-18-32;
8 (714-2) 28-40-27;
8 (714-2) 28-00-89.

Лисаков қ.

8-747-749-29-50

8 (714-33) 31-7-98

Рудный қ.

8-778-362-68-23,     8-775-779-93-53

8 (714-31) 43-3-73         қосымша нөмір 134,136

Денисов

8-777-446-76-52

8 (714-34) 2-14-07

Жангелді

8-702-395-65-56

8 (714-39) 21-7-75

Жітіқара

8-708-805-33-72

8 (714-35) 22-1-49

Қамысты

8-771-581-29-35

8 (714-37) 21-2-65

Қарабалық

8-747-250-71-29

8 (714-41) 33-6-03

Қарасу

8-775-605-21-73

8 (714-52) 21-4-46

Қостанай ауданы

8-705-309-13-28

8 (714-55) 21-9-70

Мендіқара

8-747-201-75-02

8 (714-43) 28-8-45

Науырзым

8-705-393-39-10

8 (714-54) 21-8-54

Сарыкөл

8-705-258-50-43

8 (714-51) 21-9-32

Ұзынкөл

8-775-165-76-99

8 (714-44) 21-6-83

Федоров

8-771-316-88-62

8 (714-42) 22-4-00

Қостанай облысы бойынша МКД

8-700-980-29-01

8 (714-2) 53-49-51

Салық  төлеушілерге  жедел  және жан-жақты  жауаптар беріледі.

Жергілікті салықтарды уақтылы төлеу мақсатында мүлік салығы бойынша алдағы төлемдерді мобильді қосымша "еSalyq Azamat" - салық әмияны бөлімінде, әрі қарай "бюджетпен есеп айырысу", "алдағы төлемдер" арқылы қарау сервисі туралы хабарлаймыз.

Сонымен қатар, алдағы төлемдер туралы ақпаратты Кaspi.kz мобильді  қосымшада "төлемдер", "Мемлекеттік қызметтер, айыппұлдар мен салықтар", "салықтар", "Көлік және мүлік салығы"бөлімдерінде көруге болады.

Салық берешегі туралы ақпаратты ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің   www.kgd.gov.kz  интернет-ресурсында  және «электрондық үкімет» порталында «электрондық сервистер», «салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер» бөлімінде, азаматтың ЖСН бойынша қарауға болатынын қосымша хабарлаймыз.

         Кaspi.kz және Еgov.kz қосымшасында салық, оның ішінде жер салығы, мүлік және көлік салығы бойынша берешекті қарау бойынша сервис әзірленді. Тек төлеушінің ЖСН енгізу жеткілікті. Төлемді осы қызметте де жасауға болады.

 

 

 

2020 жылға жеке тұлғалардын мүлік салығы төлеу мерзімдері туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті аумақтық  мемлекеттік  кірістер  органдары 2020 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеуді жүргізгенін хабарлайды. Бұл ретте бюджетке салықтарды төлеуді 2021 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізу қажет.

Салық Кодексіне сәйкес бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі  салық  салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне сайма – сай  есептеледі (осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші болып танылады).

Ортақ бірлескен меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық төлеуші осы салық салу объектісінің меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісім бойынша бола алады.

Салық кодексінің 73-бабында Мемлекеттік кірістер органдары есептеген  мүлік  салығы бойынша салық міндеттемелерінің сомалары туралы жеке тұлғаларды ақпараттандыру тәртібі айқындалған:

- коммуналдық қызметтерді жеткізушімен есеп айырысу үшін қолданылатын құжаттардағы нұсқаулар;

- салық төлеушінің электрондық пошта мекенжайына жіберу;

- салық төлеуші ұсынған ұялы телефон нөмірлеріне СМС-хабарлама жіберу.

Осы мақсаттар үшін салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органына өздерінің  телефон  нөмірлері  мен  электрондық пошта мекенжайлары туралы мәліметтерді ұсыну құқығы берілді.

 

Өндірістік емес төлемдер басқармасы

 

 

Жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын төлеуді оңайландырылды

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының  қабылдануына  байланысты  мынаны  хабарлаймыз.

ҚР СК  жеке тұлғалардың  мүлік  және  жер салығын төлеуді оңайлатуына өзгерістер енгізу туралы, аталған салықтарды біріктіру жүргізілді. Бұрын  екі  түрлі  салық,  әр  түрлі  есептеу  әдісі,  екі түбіртек болып,    бұл  салық төлеушілерге қолайсыздық тудырды. Екі салық 104102 БЖК-ға бірыңғай  төлеммен төленеді.

Салық салу объектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілері  болып табылады:

1) өздеріне  меншік  құқығымен  тиесілі  тұрғынжайлар,  ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

2) жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жер учаскелері.

Жеке  тұлғалардың  салық  салу  объектілері  бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында нақты иелену мерзімін ескере отырып, салық  базасына  тиісті салық ставкасын қолдану арқылы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық кезеңі үшін әрбір салық салу объектісі бойынша жеке есептелген салық сомаларын қамтиды.

Салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша 104102 БСК-ға есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей бюджетке жүргізіледі.

Сондай-ақ,  ҚР СК  526-бабының 7-тармағына сәйкес  көп пәтерлі тұрғын үйлердегі пәтерлер (бөлмелер) орналасқан жер салығын төлеуден босату туралы норма енгізілгенін хабарлаймыз.

Салық міндеттемесін орындау Қазақстан Республикасының әрбір азаматының міндеті және борышы болып табылады.

Осыған  байланысты, Қостанай  облысы  бойынша  Мемлекеттік  кірістер департаменті  салық  және  бюджетке  төленетін  басқа да  міндетті төлемдерді уақтылы  төлеуді  сұрайды.

Салықтар бойынша берешектерді және ағымдағы төлемдерді төлеуді еGov.kz порталында  екінші деңгейдегі банктердің (post.kz, kaspi.kz, homebank.kz және басқалар), мобильді қосымшалары, eSalyq мобильді қосымшасындағы салық әмияны қызметі арқылы электрондық түрде жүргізуге болады.