Импортталатын тауарлардың шығарылған жерін анықтаудың

 жаңа Ережелері

 

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы

    

        Жыл сайын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жауапкершілігі артуда, бұл жұмысқа қоғам көбірек қосылуда. Бұл күрес әрқайсымыздың ісімізге айналды.

Шетелдік тауарларды пайдалану бойынша есепті ұсынуға қатысты

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 367 бұйрығының негізінде шетелдік тауарларды, оның ішінде оларға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінде белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен мөлшерлемелері қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есепті ұсыну тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмейтін  мерзімін құрайды.

Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына әкетуге тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 1 наурыздағы № 228-VІ ҚРЗ Заңымен ратификацияланған «2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы» Хаттаманы іске асыру шеңберінде 2019 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика минис

АСТАНА-1 АЖ іске асыру туралы

2018 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 597 бұйрығымен «тауарлар экспорты» кедендік рәсімі, ал 01 сәуірден бастап басқа кедендік рәсімдер бойынша «АСТАНА-1» АЖ іске қосылды.
«Астана-1» АЖ сандық технологияларды ауқымды енгізу үрдісінде Ұлт жоспарының 38-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Ресей Федерациясы 2019 жылдың 1 наурызынан бастап 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ЕАЭО СЭҚ ТН 4104 11 және 4104 19 кодтарымен жіктелетін былғарыдан жартылай өндірілген тауарларды әкетуге тыйым салады

    Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың назарына Еуразиялық экономикалық одақтың 2014 жылғы 29 мамырдағы Келісім-шартымен Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы Х –Хаттаманың тарауына (№7-қосымша) сәйкес, Ресей Федерациясы 2019 жылдың 1 наурызынан бастап 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ЕАЭО СЭҚ ТН 4104 11 және 4104 19 кодтарымен жіктелетін былғарыдан жартылай өндірілген тауарларды әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды.