Жарияланған күні: 29.07.2021 16:33
Өзгертілген күні: 29.07.2021 16:34

Қазіргі уақытта халық Армения Республикасынан жеңіл автомобильдерді әкелу мүмкіндіктеріне белсенді қызығушылық танытуда.                              

Осыған байланысты Армения Республикасынан әкелінген автомобильдерді сатып алу кезінде азаматтарға автомобильдерді әкелудің заңдылығын, оның ішінде жөнелтуші елдегі кедендік тазарту кезінде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеудің толықтығын тексеруге кеңес береміз, 2014 жылғы 10 қазаннан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде Армения Республикасында кедендік тазартуды жүзеге асырған автомобильдер Еуразиялық экономикалық одақ аумағында (бұдан әрі – ЕАЭО) шетелдік автомобильдер деп танылатынын еске саламыз.                                                                     

Аталған автомобильдерді Қазақстан Республикасына сату үшін көрсетілген кезеңде ресімделген әкелу кезінде кедендік ресімдеу және ЕАЭО кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды қосымша төлеу талап етіледі.                                                                      

Аталған автомобильдерді сатып алған жағдайда кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мәселелері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына жүгіну қажет.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаметінің байланыс телефоны 53-63-48, 53-72-44. 53-74-09.