Жарияланған күні: 13.08.2021 09:53
Өзгертілген күні: 13.08.2021 09:54

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мынаны хабарлайды.                                                                        Армения Республикасы 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 6 ай мерзімге ірі қара малдың өңделмеген терілерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4101), қойлардың немесе қозылардың терілерін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4102), сондай-ақ өзге де өңделмеген терілерді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4103) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетуге уақытша тыйым салуды қолданады.                  

Көрсетілген тыйым «Армения Республикасынан тауарларды әкетуге уақытша тыйым салу туралы» Армения Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 906-Н қаулысымен енгізілді.

          Кедендік әкімшілендіру басқармасы