Жарияланған күні: 12.11.2021 15:03
Өзгертілген күні: 12.11.2021 15:08

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Беларусь Республикасының 2021 жылғы 1 қазаннан бастап 2022 жылғы 1 сәуірге дейін біржақты тәртіппен экспорттың кедендік рәсімімен орналастыру кезінде ЕАЭО СЭҚ ТН 7306 61 кодымен сыныпталатын құбыр өнімінің Беларусь Республикасынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге экспортын лицензиялау енгізілгенін хабарлайды.

Көрсетілген рұқсат беру тәртібі «Құбыр өнімдерінің экспортын лицензиялау туралы» Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 526 қаулысымен енгізілген.

 

                                                            Кедендік әкімшілендіру басқармасы