Жарияланған күні: 09.12.2016 17:47
Өзгертілген күні: 09.12.2016 17:48

«Біз сыбайлас жемқорлыққа жоқ дейміз!!!»

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдары атқарушы билік органдары болып табылады және мемлекеттік басқару жүйесінде маңызды роль атқарады, олар өзінің құзіреті шегінде мемлекет қызметінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, азаматтардың және ұйымдардың құқықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың және азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайды.

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2014 жылдың тамызында құрылып, өзіне экономикалық тергеу қызметін, салық және кеден қызметін біріктірді. 

Департаменттің негізгі міндеті – ол салық және кедендік төлемдерді өз еркімен төлеудің деңгейін жоғарлату, бұл үшін кәсіпкерлер құқықтарының және заңды мүдделерінің қорғалуы, бизнесті дамыту үшін лайықты жағдай қалыптастырылуы қамтамасыз етілуі керек. «100 нақты қадам» ұлттық жоспарының щеңберінде заңды бастамаларының қатарынан 8 салық және кеден әкімшілердіруді жақсартуға кездейсоқ бағытталмаған. 

Бір құрлымда мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғау бойынша үш міндеттің бірлесуінің арқасында Департаменттің жедел бөлімшелерінің жұмыс тиімділігі айтарлықтай артты. Бұл салық және кеден қызметтерінің деректер базасының бірігуіне, жалған кәсіпкер фактілерін әшкерелеу және алдын алу, салық төлеуден жалтару және басқа-да құқыққа қайшы іс-әрекеттер бойынша рәсімдердің автоматтандырылуы және біріздендірілуі есебінен қол жеткізілді.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу мәселелері Департамент қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. 

Жемқорлық – бұл заңсыз баюда, пара алған, ұрланған лауазымды адамдардың моральді ыдырауы.

Біз тәуелсіз және өскелең Казақстан үшін!!!

Біз сыбайлас жемқорлыққа жоқ дейміз!!!