Жарияланған күні: 18.03.2020 12:03
Өзгертілген күні: 18.03.2020 12:04

Қазақстан Республикасында 2018 жылдан бастап «АСТАНА-1» АЖ электронды ресімдеу ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде.

«Астана-1» АЖ артықшылығы анық: декларацияларды автоматты тіркеу, жасыл дәліз бойынша декларацияларды автоматты түрде шығару болып табылады. Жүйе пайдаланушыларға тегін жүргізіледі.

«Астана-1» АЖ электрондық декларациялау сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға үйден немесе офистен шықпай-ақ, әлемнің кез-келген нүктесінен кедендік декларацияны тапсыруына мүмкіндік береді (логині және электронды-цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда).

Коронавирусты жұқтырудың алдын алу мақсатында кедендік декларациялау үйден немесе офистен шықпай-ақ жүргізу ұсынылады. 

 

                                                     Кедендік әкімшілендіру басқармасы