Жарияланған күні: 08.12.2016 19:03
Өзгертілген күні: 08.12.2016 19:03

«Дөңгелек үстел»

2016 жылғы 02 желтоқсанда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қостанай-КРО» кеден бекетінде бизнес-қауымдастықпен Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 376 «Тауарлардың кедендік құнын декларациялау, бақылау және түзету» шешімімен бекітілген «Қосымша тексеру жүргізу тәртібі» тақырыбына «Дөңгелек үстел» өткізді.

Кедендік құнды мәлімдеуді бақылау кезінде қосымша тексеру жүргізу мәселелері қарастырылды.

Кеден бекетінің басшысы аталмыш мәселені қарау кезінде қосымша тексеру жүргізуде Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі шешімінің талаптарын сақтау қажеттілігі туралы атап өтті.