Жарияланған күні: 15.04.2020 18:30
Өзгертілген күні: 15.04.2020 18:32

Әкелінетін тауарлардың кедендік құны «Қазақстан Республикасындағы
кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 5 тарауына сәйкес айқындалады. Кедендік құн термині көбінесе тауарлардың кедендік құнын білдіреді. Оның құнына сүйене отырып, төлеуге қажет кедендік төлемдер, яғни баждар, салықтар, акциздер мен алымдар есептеледі. 

Осылайша, кедендік құн тауарлардың құны мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушының тасымалдау кезінде шеккен барлық шығындарының сомасынан (яғни, шетел аумағында болған шығындардан) құралады.
          Импортталатын тауарлардың кедендік құны дегеніміз - олармен жасалған мәміленің құны, яғни бұл тауарлар Одақтың кедендік аумағына экспорттауға сатылған кезде нақты төленген немесе төленетін баға ... (ЕАЭО КК 39-бабы).
         Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 65 бабының 14 тармағына сәйкес тауарлардың кедендік құнын декларант анықтайды. Кейбір жағдайларда (олар заңдарда бөлек көрсетілген) тауарлардың кедендік құнын декларант емес, кеден инспекторы анықтайды.
       «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес алты әдістің кез келгенімен әкелінетін тауардың кедендік құны анықталады.

Естеріңізге сала кетейік, кеден органдарының көрінеу жалған мәлімдемесі және тауарлардың кедендік құнын дұрыс емес декларациялау заңмен жазаланады және жалған декларация үшін айыппұл салуды қарастырады!
    

   Тарифтік реттеу басқармасы