Жарияланған күні: 29.04.2015 09:53
Өзгертілген күні: 29.04.2015 09:56

Электрондық шот-фактуралар

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 10 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында электрондық шот-фактураларды енгізу туралы» тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ салық төлеушілерге электрондық түрде шот-фактураларды жаздырып алу мүмкіндігін ұсыну мақсатында ағымдағы жылдың 01 шілдесінен бастап ҚР Үкіметінің «Электрондық түрде жаздырып алынатын шот-фактуралар құжат айналымы ережесін бекіту туралы» 2014 жылғы 24 шілдедегі № 818 қаулысы қолданысқа енді.

2014 жылдың 01 шілдесінен бастап электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі ЭШФ АЖ) пайдалануға енгізілді және жүйеде шот-фактураларды жаздырып алу ерікті түрде жүргізіледі.

ЭШФ артықшылығы:

- ЭШФ жаздырып алу мерзімі 15 күнге дейін ұзарды, ал қағаз тасымалдаушыдағы шот-фактураны жаздырып алу мерзімі - 7 күн;

- ЭШФ шетел валютасында жаздырып алу мүмкіндігі;

- өз қызметшілеріне шот-фактураны жаздырып алу құқықтарын табыстау;

- заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жаздырып алған ЭШФ басқару мүмкіндігі; 

- егер Сіз барлық шот-фактураларды электрондық түрде жаздырып алсаңыз, онда Сізде өткізілген тауар, жұмыс және қызметтер бойынша тізілімді (300.07) бермеу мүмкіндігіңіз болады;

- егер Сізге барлық шот-фактуралар электрондық түрде жаздырып алынса, онда Сізде өткізілген тауар, жұмыс және қызметтер бойынша тізілімді (300.08) бермеу мүмкіндігі болады;

- қағаз үнемделеді және мөр әзірлеуге қаражат үнемделеді;

- Алушыға оның орналасқан жеріне қарамастан ЭШФ жедел жеткізу, сондай-ақ ЭШФ АЖ-нде сатып алушы мен жеткізуші арасында хабармен тез алмасу мүмкіндігі болады;

- қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ фоматты-қисынды бақылауды тексереді;

- егер тауар, жұмыс және қызметтерді алушы ретінде мемлекеттік мекеме болса, ЭШФ АЖ-нен «Қазынашылық-клиент» АЖ-не төлеу үшін шот автоматты түрде қалыптасады, бұл төлеуге арналған электрондық қаржы құжаттарының қозғалысы ашық болуын қамтамасыз етеді;

- ЭШФ рұқсат етілмеген қол жетімділіктен сақталған;

- ЭШФ ақпараттық жүйеде салық кодексі белгілеген қуыну мерзімі ішінде сақталады.

ESF.GOF.KZ порталында ЭШФ ақпараттық жүйесінде электрондық шот-фактурасын жаздырып алуға болады, ЭШФ ақпараттық жүйесі тегін пайдаланылады.