Жарияланған күні: 25.05.2015 15:46
Өзгертілген күні: 25.05.2015 16:09

 

Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларын, бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10653 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 54-бабының 5) тармақшасына, 409-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына;
      2) бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д. Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 134 бұйрығына    
1-қосымша       

Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидасы

      1. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу туралы осы қағида бажсыз сауданың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне өткізу тәртібін анықтайды.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бажсыз сауда дүкендерінде тауарлар бөлшек саудада өткізіледі.
      3. Астанада тауарларды өткізу шетелдік дипломатиялық өкілдіктерге, халықаралық ұйымдардың оларға теңестірілген өкілдіктеріне, консулдық мекемелерге, сондай-ақ дипломатиялық агенттерге, консулдық лауазымды адамдарға және олармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, мұндай тұлғаның Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде аккредиттелгенін растайтын құжатты ұсынған кезде және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынған таратуға шек қойылған қызметтік ақпаратында тауарларды өткізу кезінде осы тұлға туралы деректер болған жағдайда жүзеге асырылады.
      4. Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдана отырып, сондай-ақ салық заңнамасының шот-фактураны жазу және оны тауарларды сатып алушыға беру бойынша талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады.
      5. Сатып алушыға берілетін бақылау-касса машинасының чегі немесе тауарға, жұмысқа, көрсетілген қызметке төленген сомаға тауарлық чек (сауда автоматтарында қолданылатын бақылау-касса машиналарын қоспағанда) тауарды сату фактісін растайтын құжат болып табылады. Мұндай құжаттардың көшірмесі бажсыз сауда дүкендерінде сақталады.

Қазақстан Республикасы 
Қаржы министрінің   
2015 жылғы 26 ақпандағы
№ 134 бұйрығына    
2-қосымша       

Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары

      Бажсыз сауда дүкендері иелерінің тізіліміне енгізудің қосымша шарттары мыналар болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде тұлғаның аккредитацияланғанын растайтын құжатты сканерлеу үшін құрылғының болуы;
      2) бажсыз сауда дүкенінің аумағына жеке тұлғалардың кіруіне бақылау-өткізу режимінің болуы;
      3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратын пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің рұқсатының болуы;
      4) бажсыз сауда дүкені аумағында соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейне ақпараттарды қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, тәулік бойғы режимде жұмыс істейтін бейне бақылау құралдарымен жабдықталған адамдардың аумаққа және (немесе) үй-жайларға (кедендік бақылауға жататын құжаттар, тауарлар тұрған) кіруін және аумақтан және (немесе) үй-жайлардан шығуын бақылау жүйесінің болуы.
      5) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің таратылуы шектеулі ақпаратына қол жеткізу.

 

 

Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 124 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10657 тіркелді

 


 

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д. Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Министр                                    Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 124 бұйрығымен   
бекітілген     

Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік
аттестатын беру қағидасы

 

      1. Осы Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін айқындайды.
      2. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің  32-бабының 3-тармағына сәйкес айқындаған аумақтық мемлекеттік кірістер органдары өткізетін біліктілік емтиханын тапсыру қажет.
      3. Біліктілік емтиханды жүргізген аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты лауазымды тұлғасы бір жұмыс күн ішінде ведомостарын жинау және хаттамаларды жасау жолымен біліктілік емтихандарының қорытындысын шығарады.
      4. Біліктілік емтиханын жүргізген аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы (оны алмастыратын адам) және жауапты лауазымды тұлғасы қол қойған хаттаманың негізінде біліктілік аттестаттар, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 7-тармағына сәйкес бекітілетін нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның бейджі дайындалады.
      5. Біліктілік аттестаттар және бейдждерге аумақтық органның басшысы (оны алмастыратын адам) қол қояды.
      6. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беруді біліктілік емтихандарын тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
      7. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдары Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын, бейдждерін беру журналын жүргізеді.
      8. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты немесе бейдждері жоғалған (бүлінген), сондай-ақ тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда бұдан бұрын кедендік декларациялау жөніндегі аттестатты берген аумақтық мемлекеттік кірістер органына еркін нысандағы өтінішті:
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      мөлшері 3,5 х 4,5 сантиметр түрлі-түсті екі фотографияны қоса бере отырып ұсыну қажет.
      9. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатының қолданылу мерзімі екі жылды құрайды.
      Қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты жарамсыз деп саналады.
      10. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты біліктілік аттестатының қолданылуы тоқтатылған жағдайда кедендік декларациялау жөніндегі маман қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын қолданыстағы біліктілік аттестатын қоса бере отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 4-тармағына сәйкес қайта аттестаттау бойынша емтихан тапсыруға өтініш береді. Емтиханды сәтті тапсырған кезде қолданыстағы біліктілік аттестаты жаңасы тіркелген сәттен бастап жарамсыз болады.
      11. Егер кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестаты өтініш иесі ұсынған толық емес мәліметтер және дәйексіз мәліметтер негізінде берілген жағдайда, біліктілік аттестаты жойылуға жатады.
      12. Біліктілік аттестатын жою туралы шешім аумақтық мемлекеттік кірістер органы басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді. Бұл ретте біліктілік аттестатын беру туралы қайталама өтінішті аумақтық мемлекеттік кірістер органы жою туралы бұйрық қабылданған күнінен бастап бір жыл өткен соң қарайды

 

 

 

Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берудің кейбір мәселелері туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 3 және 7-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар аумақтық  мемлекеттік кірістер органдарының тізбесі;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Біліктілік емтихандарын өткізу бағдарламасын, тәртібін әзірлеу, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеу және бекіту, кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестатын алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеу қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысандары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д. Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

1) «Кеден органдарының ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар кеден органдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 18 тамыздағы № 418 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 6455 болып тіркелді және 2010 жылғы 6 қазандағы № 263 (26324) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған);

2) «Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және оны бекітуді, аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесін, сондай-ақ, біліктілік аттестатының, бейджінің, кедендік декларациялау жөніндегі маманның жеке нөмірлік мөрінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 569 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 3 желтоқсанда № 6660 тіркелді және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылы № 1  (тиражға шыққан күні 25.03.2011 ж.) жарияланған).

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                          Б. Сұлтанов

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің

2015 жылғы «   » ___

№ ____ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін қолдана отырып біліктілік емтихандарын жүргізуге құқығы бар аумақтық  мемлекеттік кірістер органдарының тізбесі

 

 

1. Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

2. Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

3. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

4. Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

5. Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

6. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

7. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

8. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

9. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

10. Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

11. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

12. Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

13. Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

14. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

15. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

16. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «   » __________ 

№ ____ бұйрығына

2-қосымша

 

 

 

Бағдарламаны әзірлеу, біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін, біліктілік емтиханы үшін сұрақтар әзірлеуді және бекітуді, кедендік декларациялау бойынша аттестат алуға үміткердің білімін бағалаудың критерийлерін белгілеудің Ережесі

 

 

1. Біліктілік емтихандарын (бұдан әрі - емтихан) өткізу бойынша бағдарламаны әзірлеу Қазақстан Республикасы заңнамасының және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасының кедендік декларациялау бойынша маманның біліктілік аттестатын алуға үміткер жеке тұлғалардың (бұдан әрі - үміткер) білімін тексеруді автоматтандыруын қамтамасыз етеді.

2. Емтихан өткізу бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету мыналарды қамтиды:

1) өтініш берушілерді жүйеде тіркеу;

2) тестілеу;

3) тестілеу нәтижелерін өңдеу;

4) тестілеудің нәтижесін шығару.

3. Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты лауазымды тұлғалары үміткердің есепке алу жазбаларын қосады, үміткер туралы деректерді өзгертеді, сондай-ақ енгізілген мәліметтерге сәйкесінше енгізілген ұқсас атымен пайдаланушыны іздеу жұмыстарын жүргізеді.

4. Тестілеу компьютерлік және бейнежазу қондырғыларын қолдана отырып жүргізіледі.

Аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты лауазымды тұлғалары үміткердің келу сәтінен бастап емтиханның өткізілуі аяқталғанға дейін емтиханды өткізу бейнежазбасын жүргізеді.

Бейнежазба тестілеуді өткізудің (үздіксіз) барлық процесін қамтуы тиіс және біліктілік емтихан тапсыратын үміткерлердің беті, компьютерлердің мониторы анық көрінуі, дыбысы естілуі тиіс.

5. Үміткер, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына емтиханды өткізгенге дейін 3 жұмыс күні бұрын еркін нысан бойынша өтініш ұсынады. Өтінішке:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) кәсіби, техникалық немесе жоғары білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;

3) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр екі түрлі түсті суретін қоса береді.

6. Емтихан тапсыруға келген кезде үміткер өзімен бірге бейнежазба құрылғысына табыс етілетін жеке басын куәландыратын құжатты (паспорт не жеке куәлік) әкелуі қажет.

7. Егерде осы Ереженің 5-тармағымен көзделген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, үміткердің өтініші қараусыз қалдырылады және өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге қайтарып беріледі.

8. Емтихандарды өткізу орны мен уақыты аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының интернет ресурстарында айына бір реттен сирек емес жарияланады.

9. Емтихандарды өткізу үшін дайындықты, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты тұлғасы ұйымдастырады.

Дайындық жүргізу мынадай іс-шаралардан тұрады:

1) үміткерлерден қажетті құжаттарды жинау;

2) үміткерлер тізімін жасау;

3) мемлекеттік кірістердің орталық аппаратына (бұдан әрі - орталық аппарат) алдағы айға емтихандарды өткізу кестесін әзірлеу және ұсыну;

Емтиханға осы Ереженің 5 және 6-тармақтарына сәйкес құжаттарды табыс еткен тұлғалар жіберіледі.

10. Уәкілетті органның өкілдері емтихандарды өткізуге қатысады.

11. Кеден ісін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің мүшелері емтихандарды өткізген кезде қатыса алады.

12. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті емтиханды өткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасын және Еуразиялық экономикалық одағының кеден заңнамасын білуге сұрақтарды дайындайды.

13. Осы сұрақтардың жиынтығы 10 адамдық топ үшін дайындалған сұрақтардың санынан 30 пайыз көп болу керек.

14. Бағдарламалық қамтамасыз етудің техникалық талаптарына емтихандарды өткізудің мынадай кезеңдері қамтылады:

1) үміткер біліктілігін және білімінің деңгейін анықтау мақсатында сұрақтарды іріктеу бойынша тестілеуден өтеді;

2) Тестілеуді өткізудің уақыты 45 минутты құрайды;

3) Тест кездейсоқ іріктеу әдісімен бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы таңдалатын 60 сұрақтан тұрады.

4) сұрақ бір ғана дұрыс жауабы бар үш нұсқадан тұрады;

5) әрбір дұрыс жауап үшін бір балл есептеледі;

6) тестілеудің нәтижесін есептеу (дұрыс жауаптардың саны) бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.

15. Егер бағдарламалық қамсыздандырумен есептелген дұрыс жауаптардың саны 60 және одан жоғары пайызын құраса, үміткер тестілеуден өткен болып саналады.

Тестілеудің нәтижелері принтерде екі данада шығарылады және қол қою жолымен үміткерге таныстыру үшін ұсынылады.

Тестілеудің нәтижесі бар парақтың бір данасы үміткерге беріледі, екінші данасы емтихан өткізген аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында қалады.

Тестілеуден өтпеген тұлға алғашқы тестілеу өту сәтінен бастап бір айдан ерте емес емтиханға жіберу туралы өтінішпен қайта жүгінеді.

16. Тестілеу өту кезінде үміткерге анықтамалық құралдарды, арнайы және өзге әдебиеттерді, сондай-ақ қандай да бір жазбалар немесе техникалық құралдарды пайдалануға жол берілмейді.

Үміткер көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда, ол тестілеуден шеттетіледі.

Тестілеуден шеттетілген тұлға алғашқы тестілеу өту сәтінен бастап бір айдан ерте емес емтиханға жіберу туралы өтінішпен қайта жүгінеді.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «   » __________ 

№ ____ бұйрығына

3-қосымша

 

 

Нысан

 

 

КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАННЫҢ
БІЛІКТІЛІК АТТЕСТАТЫ

 

______________________________________________________________________________________________________________________________ шешімімен
                                        (аумақтық мемлекеттік кірістер органы)
19____жылы туылған, ________________________________________________

                                                                                (кіммен, қашан)
берілген жеке куәлігінің нөмірі (не төлқұжат) №______________,
кедендік декларациялау жөніндегі маманның аттестациясы бойынша
___________________________________________________________________
                                                              (тегі, аты, әкесінің аты)
кеден өкілі атынан кедендік декларациялау бойынша әрекет жасау құқығы ұсынылады және КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ МАМАН біліктілігі беріледі.

201___ жылғы______________№________ Хаттама

201___ жылғы____________ дейін жарамды

Аумақтық мемлекеттік кірістер

Органыныңбасшысы                                                                   _____________
                                                                                                                                                       (қолы, Т.А.Ә.)

 

Тіркеу № 00000/000000                                       М.О.

Нысан

 

Кедендік декларациялау жөніндегі МАМАННЫҢ
№ 000000

Бейджі

 

Тегі____________________________________
Аты____________________________________
Әкесінің аты_____________________________

 

 

 

 

 

ФОТО

201__ жылғы «____»_____

дейін жарамды

Қолы__________________

Аумақтық мемлекеттік

кірістер  органы

басшысының Т.А.Ә._____________

                                             М.О.

 

Ескертпе:
таулы бейдж мынадай талаптарға жауап беру керек:
физикалық параметрі: жалпы көлемі-100x70 миллиметр;
жоғары жағының ортасыңда «кедендік декларациялау жөніндегі МАМАН» деген сөзі көрсетіледі; бейджінің нөмірі жоғары жағының ортасында «кедендік декларациялау жөніндегі МАМАН» деген сөзінің астында көрсетіледі;

бейджінің ішінің сол жағының ортасына тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі;

төменгі сол жақ бұрышына 3,5x4,5 сантиметр мөлшеріндегі фотаны кілейлеу үшін орын көрсетіледі;

оң жақ төменгі бұрышқа «(күні, айы, жылы) дейін жарамды», бұдан әрі аумақтық органы басшысының қолы, Т.А.Ә. және мөр қоюға арналған орын.

 

                                                                                            

№__________

 

 


                      №

 

 

 

 

 

 

 

Жеке нөмірлік мөрдің
Ескертпе

Мөр мынадай талаптарға жауап беруі керек:

физикалық параметрі: жалпы көлемі - 38x14 миллиметр, сыртқы рамкасы - 36x12 миллиметр, ішкі рамкасы - 35x11 миллиметр;

аттестаттың нөмірі солдан жоғары және оңнан төмен рамканың шегінде, сонымен қатар рамканың ішінде мөрдің ортасында төменгі шетіне қарай;