Жарияланған күні: 08.12.2016 18:47
Өзгертілген күні: 08.12.2016 18:53

Тақырып: «Кедендік декларацияны беру мерзімдері»

 

         Кеден одағы кеден кодексінің 283 бабына сәйкес Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарларға арналған кедендік декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды уақытша сақтау мерзімі аяқталғанға дейін беріледі.

         Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға кедендік декларация, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, олар Кеден одағының кедендік аумағынан кеткенге дейін беріледі.

Қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасау қаруы, құралы немесе нысанасы болып табылған, қайтару туралы шешім қабылданған және осы Кодекске сәйкес кедендік декларациялауға жататын тауарларға қатысты кедендік декларация:

      1) қылмыстық (әкімшілік) жауапкершіліктен босату туралы сот шешімі;

      2) әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы кеден органының (лауазымды адамның) шешімі;

      3) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) қылмыстық (әкімшілік) іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі;

      4) соттың немесе кеден органының (лауазымды адамның) әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде беріледі.

 Осы баптың 3-тармағында көрсетілген тауарларға қатысты кедендік декларация белгіленген мерзімде берілмеген тауарларды кеден органдары осы Кодекстің 26-тарауына сәйкес ұстайды.