Жарияланған күні: 27.08.2021 10:50
Өзгертілген күні: 27.08.2021 10:51

Кедендік тексеру - Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын тексеру мақсатында тауарлар шығарылғаннан кейін кеден органдары жүргізетін Кедендік бақылау нысаны.

Кедендік тексеру кедендік ресімдеу кезінде тексерілетін тұлға ұсынған кедендік декларациялардағы және өзге де құжаттардағы деректерді бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттарымен, шоттармен және өзге де ақпаратпен (бухгалтерлік және банктік құжаттама, әртүрлі мемлекеттік органдар мен шетелдік мемлекеттік ұйымдардан алынған ақпарат) зерделеуден және салыстырудан тұрады.

Кедендік тексеру кезінде тексеру іс-шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, тіркелген және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жері бар әртүрлі объектілерге қатысты жүргізіледі.

Бұл: декларанттар; тасымалдаушылар; УСҚ иелері; кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; олар шығарылғаннан кейін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар; оларға қатысты тауарлардың олардың иелігінде және пайдалануында кеден заңнамасын бұза отырып екенін куәландыратын ақпарат бар тұлғалар болуы мүмкін.

Бақылау жүргізу барысында кеден органдарының қызметкерлері тауарларды кедендік рәсімдердің біріне орналастыру фактілерін тексереді; шартты түрде шығарылған тауарларды пайдалану және оларға билік ету жөніндегі шектеулердің сақталуын; Еуразиялық экономикалық одақтың кеден заңнамасында, Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңнамасында белгіленген өзге де талаптардың сақталуын бақылайды.

Кедендік тексеру жүргізу кезінде кеден органдары қызметкерлерінің қажетті құжаттаманы сұратуға, өнімге сараптама тағайындауға, сынама үлгілерді іріктеуге, түгендеу жүргізуге және т. б. құқығы бар.

Тексерілетін тұлға өз кезегінде өзінің иелігіндегі барлық құжаттар мен мәліметтерді ұсынуға; оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тауарларды көрсетуге; объектілерге көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін лауазымды адамдардың кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге міндетті.

Өткізу орнына, мерзімділігіне және ұзақтығына байланысты кедендік тексерудің екі түрі бар: камералдық және көшпелі.

Камералдық кедендік тексеруді олардың тұрақты орналасқан жері бойынша кеден органдарының қызметкерлері жүргізеді. Мұндай тексеруді жүргізу мерзімі тексерілетін тұлғаға хабарлама жіберілген күннен бастап (мерзім қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұзартылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін) күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.

Көшпелі кедендік тексеру заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің орналасқан жерінде немесе қызметін жүзеге асыратын жерде өтеді. Көшпелі кедендік тексеру ұйғарым негізінде жүргізіледі.

Көшпелі кедендік тексерулер мынадай түрлерге: жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру; қарсы жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеруге  бөлінеді

Кешенді көшпелі кедендік тексеру кешенді көшпелі кедендік тексерулердің жартыжылдық кестесі бойынша жүргізіледі және жылына бір реттен жиі болмауға тиіс.

Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу мерзімі екі айдан аспауға тиіс. Бұл мерзім қолданыстағы заңнамаға сәйкес тоқтатыла тұруы немесе ұзартылуы мүмкін.

Кедендік тексерулер аяқталғаннан кейін тексеру актісі жасалады. Тексеру нәтижелері бойынша кеден органдары бұзушылықтарды анықтаған жағдайда - тексеру нәтижелері туралы хабарлама жіберіледі.