Жарияланған күні: 19.10.2021 17:25
Өзгертілген күні: 19.10.2021 17:36

ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 24 тамыздығы № 107 «Қытай Халық Республикасынан шыққан және Еуразиялық экономикалық кедендік аумағына әкелінетін алюминий ыдыстарға демпингке қарсы баж енгізу арқылы демпингке қарсы шараны қолдану туралы» шешімі 2021 жылғы 25 қыркүйекте күшіне енді.

 ЕАЭО СЭҚ ТН 7615 10 100 0, 7615 10 800 9, 7616 99 900 8 кодтарымен сыныпталатын ҚХР-дан шығатын, тамақты жылу тәсілімен дайындауға немесе жылытуға араналған жабыны бар және онсыз, тұрмыстық және өзге де мұқтаждарға арналған қалыпталған және құйылған алюминий ыдысқа қатысты кедендік құнның 21,89 пайызы мөлшерінде демпингке қарсы баж белгіленді. Бұл шараның қолданылу мерзімі 5 жыл.

                                        Тарифтік реттеу басқармасы