Жарияланған күні: 27.08.2021 11:44
Өзгертілген күні: 27.08.2021 11:46

«Қостанай-Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің  (бұдан әрі - Департамент) бөлімшесі болып табылады.

Қостанай қаласы, Майлин көшесі, 2 Департамент ғимаратында орналасқан.

«Кедендік тазарту» мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің аймағы Қостанай облысының барлық аумағы  болып табылады. 2018 жылдан бастап «АСТАНА-1» АЖ тауарлар мен көлік құралдарын электрондық декларациялау жұмыс істейді, ол цифрлық технологияларды ауқымды енгізу процесінде Ұлт Жоспарының 38-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген.

Бұл жүйе декларанттарға бірыңғай ақпараттық платформада бола отырып, кедендік ақпаратқа online қолжетімділік алуға мүмкіндік береді, қашықтықтан Е-декларациялауды қамтамасыз етеді, рәсімдерді оңтайландыруға және оңайлатуға ықпал етеді, кедендік тазартудың қағазсыз тәсілін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оnline декларациялау тауарларды кедендік тазарту бойынша декларант пен маман арасында тікелей байланысты болдырмайды, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға әкеледі. «АСТАНА-1» АЖ-да автоматты тіркеу ғана емес, сондай-ақ декларацияларды өңдеу және шығару уақытын қысқартатын жасыл дәліз бойынша декларацияны автоматты түрде шығару жүзеге асырылады. Жүйе пайдаланушыларға тегін беріледі.                                                                      «АСТАНА-1» АЖ кез келген операцияларды – алдын ала ақпаратты беруден бастап тауарды шығарғаннан кейін бақылауға дейін жүргізуге мүмкіндік береді, бұл деректерді өңдеуді жеделдетеді.

 Сондай-ақ, бекетте жеке пайдалануға арналған тауарларды оңайлатылған тәртіппен кедендік ресімдеу жүргізіледі. Бұл тауарлар жеке, отбасылық, үй және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес басқа тауарларға арналған.

ЕАЭО кедендік аумағына халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар – құны 200 евроға барабар сомадан аспайтын және (немесе) халықаралық пошта жөнелтілімдерінің брутто салмағы 31 кг-нан аспайтын, кедендік төлемдер төленбей әкелінеді.

Құндық және (немесе) салмақтық нормалардан асып кету бөлігінде шешіммен кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай ставкалары белгіленген, олар құнның 30 пайызын құрайды, бірақ 1 кг салмақ үшін кемінде 4 евро.