Жарияланған күні: 09.12.2022 15:04
Өзгертілген күні: 09.12.2022 15:09

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде 2022 жылғы 5 желтоқсаннан бастап экспорттық-импорттық операциялар бойынша "Бірыңғай терезе" АЖ-да "зияткерлік меншік объектілерін кедендік тізілімге енгізу" модулін іске қосатынын хабарлайды.

       Өтінішті толтыру тәртібі бойынша, сондай-ақ ақпараттық жүйеде өзін-өзі тіркеу жөніндегі нұсқаулықтар порталдағы басты бетте орналастырылған http://eokno.gov.kz.

 Пайдаланушыларға қызмет көрсету e-okno@kgd.minfin.gov.kz.