Жарияланған күні: 25.06.2021 18:55
Өзгертілген күні: 25.06.2021 18:52

Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге өңделмеген немесе ірі ұсатылған, араланған немесе басқа тәсілмен блоктарға немесе тікбұрышты, шаршы пішінді тақталарға бөлінген ұлутасты әктасты әкетуге уақытша тыйым салуды енгізуі туралы

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қырғыз Республикасы біржақты тәртіппен 2021 жылғы 12 маусымнан 2021 жылғы 12 желтоқсанға дейін Қырғыз Республикасының аумағында өндірілген немесе қазылған әк-ұлутасты әктасты, өңделмеген немесе ірі ұсатылған, арамен кесілген немесе басқа тәсілмен тік бұрышты, шаршы нысандағы блоктарға немесе тақталарға (ЕАЭО СЭҚ ТНВЭД кодтары 2515 11 000 0 және 2515 12 000 0) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетуге уақытша тыйым салуды енгізгенін хабарлайды. Көрсетілген тыйым «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жерлерге өңделмеген немесе өрескел ұсақталған, араланған немесе басқа тәсілмен блоктарға немесе тікбұрышты, шаршы пішінді тақталарға бөлінген ұлутасты әктасты әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы» Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 205 қаулысымен енгізілді.

Қосымша: Қырғыз Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 205 қаулысымен эл.түрде.

 

Кедендік әкімшілендіру басқармасы