Жарияланған күні: 18.03.2021 12:59
Өзгертілген күні: 18.03.2021 13:00

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 9 ақпандағы № 12 шешімімен Қытай Халық Республикасынан әкелінетін дәнекерленген құбырлар мен тот баспайтын болаттан жасалған профильдердің бірқатар түрлеріне демпингке қарсы баж енгізілді. Баж бес жыл мерзімге енгізіледі, мөлшерлеменің мөлшері өндірушіге байланысты 14,62-ден 17,28%-ға дейін құрайды.

ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

                                                                                             

     Тарифтік реттеу басқармасы