Жарияланған күні: 26.05.2021 14:39
Өзгертілген күні: 26.05.2021 14:36

ЕЭК Алқасының 2021 жылғы 20 сәуірдегі 50 «Өздігінен жүретін мұз құю машинасын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай  тауар номеклатурасына  сәйкес жіктеу туралы» шешімі 2021 жылғы 23 мамырда күшіне енді.

         Қозғалтқыш, беріліс қорабы, рульдік басқару, оператордың платформасы, қарға арналған бункер, суға арналған сыйымдылық, борттық щетка және мұзды кесу, жою, жуу және құю жүйелері бар ауа баптағыш орнатылған доңгелекті шассиден тұратын, мұз беттерін құюға арналған (мұз бетін тазалау, тегістеу және мұз айдындарын катоктар мен спорт алаңдарында өсіру) өздігінен жүретін мұз құю машинасы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметіне арналған бірыңғай  тауар номеклатурасының 8479100000 қосалқы позициясында жіктеледі.

                                                                                                                                                Тарифтік реттеу басқармасы