Жарияланған күні: 18.10.2021 10:40
Өзгертілген күні: 18.10.2021 10:33

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Беларусь Республикасының 2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап 2022 жылғы 13 наурызға дейінгі кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасының 2523 29 000 0 кодымен сыныпталатын портландцемент импортын ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімдеріне және еркін кедендік аймаққа орналастырған кезде оған лицензиялау енгізілгенін хабарлайды.

Аталған уақытша шара Беларусь Республикасы Министрлер Кеңесінің «Портландцемент импортын лицензиялау туралы» 2021 жылғы 30 тамыздағы № 499 қаулысымен енгізілді.

 

Кедендік әкімшілендіру басқармасы