Жарияланған күні: 07.02.2022 15:14
Өзгертілген күні: 07.02.2022 15:30

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ресей Федерациясы бір жақты тәртіппен 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап 2022 жылғы 31 шілдеге дейін құймалардағы катодты сурьманы (ЕАЭО СЭҚ ТН 7112 коды), сондай-ақ негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын электр техникалық және электрондық бұйымдардың қалдықтары мен сынықтарын қоспағанда, бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарын немесе бағалы металдар жалатылған металдарды, құрамында бағалы металдар немесе бағалы металдардың (ЕАЭО СЭҚ ТН 8549210000 және 8549290000 кодтары) қосындылары бар өзге де қалдықтар мен сынықтарды РФ-дан әкетуге уақытша тыйым салуды енгізетінін хабарлайды.

Аталған тыйым Ресей Федерациясы Үкіметінің 23.12.2021 жылғы № 2401 «Бағалы металдардың қалдықтары мен сынықтарын немесе бағалы металдар жалатылған металдарды, құрамында бағалы металдар немесе бағалы металдардың қосындылары бар, негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын өзге де қалдықтар мен сынықтарды Ресей Федерациясынан әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы және Ресей Федерациясы Үкіметінің 2007 жылғы 15 желтоқсандағы № 877 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен енгізіледі.

Қосымша: Ресей Федерациясы Үкіметінің 23.12.2021 ж. № 2401 қаулысы эл.түрде.

 

                                                       Кедендік бақылау басқармасы