Жарияланған күні: 20.11.2015 10:05
Өзгертілген күні: 20.11.2015 10:07

Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу

 

Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомалары бюджетке төленген (есептелген және қайтарылған сомалар есебімен) және салық кезеңі үшін бюджетке салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың есептелген сомаларымен (азайтылған есебімен) алдыңғы салық кезеңдері үшін салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың белгіленген түрі бойынша есептеудің арасындағы оң айырма болып табылады.

«Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 599-бабына сәйкес салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу айыппұлдар, өсімпұлдар, кеден төлемдері, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қайтарымы мен есептеуін өткізуге салық төлеушімен (салық агентімен) ұсынылған салық өтініші бойынша жүргізіледі.

Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомалары Салық кодексінің 599 бабының 13-16 тармақтарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу шотына есептеуге жатпайды.

Салық есептілігін ұсыну мерзімін ұзарту жағдайында артық төленген сомасын есепке жатқызу оны ұсыну мерзіміне дейін өткізілмейді.

Есептеуді өткізу мерзімі он жұмыс күнін құрайды. Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару қайтарымға өтінішті беру күнінен бастап он бес жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі, егер көзделген жағдайлар Салық кодексімен белгіленбесе.     

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомаларын қайтаруды есепке жатқызу

Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомаларын қайтаруды есепке жатқызу жүргізіледі:

-  салықтар, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік баждарды, өсімпұлдар мен айыппұлдарды (бұдан әрі осы баптың мақсатында - қате сомалар бойынша салық өтініші) қайтару салық төлеушінің (салық агентінің) ұсынған салықтық өтініші бойынша;

- банк операцияларының жекелеген түрлерін, өтінішті жүзеге асыратын банктермен немесе мекемелермен ұсынған бойынша (бұдан әрі осы баптың мақсатында - банктің өтініші);

- қате фактісі табылған жағдайда - салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің (бұдан әрі нақты баптың мақсатында – қате бойынша хаттама) қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасына салық қызметі органдарымен құрастырылған бойынша;

Негіздеме бойынша салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомаларын қайтаруды есепке жатқызу, көрсетіледі:

- ҚР Салық кодексінің 601 бабы 1 тармағы 1), 2) тармақшаларында, банктің өтініші, қате сомалар бойынша салық өтінішін ұсыну күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізіледі;

- Салық кодексінің 601- бабы 1-тармағының 3) тармақшасында, салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, айыппұлдар, өсімпұлдарың  қате төленген төлемінің фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылады.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген төлемі жүргізілген салық қызметі органдарына банк өтініші, қате сомалар бойынша салық өтініші ұсынылады.

Салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің қате төленген сомалары жіберілген келесі қателердің кез-келгенін есептеу кезіндегі сома:

1) төлем құжатында;

Салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

Салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс белгіленбеген;

төлемнің мәтіндік белгіленуі кірістердің бюджеттік жіктеу кодына және (немесе) төлемді белгілеу кодына сай келмейді;

2)Салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын, банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын банкпен немесе ұйыммен қате орындау;

3) тіреку есебінде тұрмаған салық төлеуші-ақша жіберуші салық органында төлем жүргізген;

4) салық төлеушi - ақша жіберуші салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайды.

Салық органымен растау жағдайында салық органының белгілі қатесінің болуы:

1) бюджеттік топтастыру кодына және (немесе) салық органына тиісті қате төленген сомаларды есепке жатқызуды өткізеді;

2) салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізеді;

Салықтар, бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомасының сол төлем құжаты бойынша қайта аударуға әкелген, салық төлеушінің (агентінің) төлем құжаты, банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын банкпен немес ұйыммен қате орындау жағдайында, банктің өтініші бойынша салық органы қате фактісін растау кезінде қате төленген сомасын қайтаруды жүргізеді.

ҚР Салық Кодексінің 601- бабы 4- тармағында көрсетілген қателердің болуын салық органымен растамайтын жағдайда, белгілі салық органы ҚР Салық кодексінің 601-бабы 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған негіздемелер бойынша қатені растамау туралы жазбаша хабарламаны салық төлеушіге жолдайды.

Салық төлеушімен (салық агентімен) төлем құжатында сәйкестендіру нөмірін дұрыс белгілемеу кезінде қате сомалар бойынша салық өтініші негізінде салық органы салық төлеушіге оның төлем құжатында көрсетілген банктік шотына қате төленген сомасын қайтаруды жүзеге асырады.  

Зейнетақымен қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік сақтандыру оның болдырмау немесе мөлшерінің кемуі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасы, салық салу саласында құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, кеден төлемдері, өсімпұлдар мен айыппұлдардың қайтаруы және есепке жатқызуына салық өтінішінің негізінде жүргізіледі.

Айыппұл сомасын қайтару үшін өтінішке,  заңсыз салынған айыппұл мөлшерінің күшін жою немесе азайтуын қарастыратын жоғары салық қызметі органдарының (лауазымды тұлғаларының) заңдық күшіне енген шешімі немесе сот актісі қосымша тіркелуі тиіс.

Айыппұл сомасын қайтарыуға өтініш қайтарылуға тиісті айыппұл сомасы есептелген дербес шоты бойынша салық органына салық төлеушімен ұсынылады.  

Айыппұл сомасын қайтару айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті беру күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде салық органымен жүзеге асырылады.

 

Қостанай районы бойынша МКБ