Жарияланған күні: 30.03.2017 10:50
Өзгертілген күні: 30.03.2017 10:51

СЭҚ-қа қатысушылардың уәкілетті экономикалық оператордың мәртебесін алған кезде артықшылықтар және арнайы жеңілдіктер

 

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын занды тұлғалардың назарына «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының  кодексінің (бұдан әрі - Кодекс)  6-тарауына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар үшін Кодекспен көзделген мынадай  жеңілдіктерді жеткізеді.

Аталмыш жеңілдіктер ең аз мерзімде және артық қаржылық шығынсыз және уақытсыз сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) және Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы қазақстан-қытай кеден шекарасында «Сенім» жобасын (бұдан әрі – «Сенім» жобасы) іске асыру туралы хаттамаға қойылғандығын жеткізу қажет (көшірмесі осы хатқа қоса берілді).

«Сенім» жобасы қатысушыларға:

  • Өткізу пункттерінде тауардың келуімен байланысты кеден операцияларының уақытын минимизациялауға;
  • Жеке жүру жолақтары бойынша орын ауыстыруға (өткізу пункттерінде инфрақұрылымдық мүмкіндіктер болған жағдайда);
  • Операциялық залдарда құжаттамалық бақылауды өткізу үшін жеке жұмыс орындарына (терезе);
  • Уәкілетті экономикалық операторлардың (бұдан әрі – УЭО) тауарларды бөлмелерде, ашық алаңдарда және басқа да аумақтарда уақытша сақтауға;
  • Кеден транзиты процедурасын орындау кезінде кедендік баж салығын және салықтарды төлеуді қамтамасыз ету бойынша талаптардың болмауына;
  • Кедендік декларацияны беруге және кеден процедурасына беруге дейінгі кедендік операцияларды орындаудың бастапқы тәртібіне;
  • Кедендік декларациялау үнемі орындалған жағдайда кедендік баж салығын және салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді орындамау секілді мүмкіндіктер береді.

Бұл жобаның қатысушылары Тарап елдердің заңнамасына сәйкес арнайы жеңілдіктер қолданылатын УЭО мәртебесі бар заңды тұлғалар бола алады.

 

Кедендік бақылау басқармасы