Жарияланған күні: 29.12.2020 13:14
Өзгертілген күні: 29.12.2020 13:14

Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің (бұдан әрі – ЕАЭО КК) 48-бабының 1-тармағына сәйкес алдағы төленетін кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу шотына енгізілген және төлеуші нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының нақты түрлері мен сомалары бойынша идентификатталған ақшалай қаражат (ақша), егер мұндай аванстық төлемдерді енгізу мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес белгіленетін болса, аванстық төлемдер деп танылады.

Сонымен қатар аванстық төлемдердің негізгі функциясы СЭҚ қатысушылардың  кедендік операцияларды жасау үшін аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету ретінде пайдалануы.

Осылайша, аванстық төлемдер бюджетке (106119 БСК) бір сомамен төленеді.

Аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету ретінде пайдалану кезінде СЭҚ қатысушы аванстық төлемдерді қамтамасыз ету ретінде пайдалану үшін аванстық төлемдер БСК-ге  төлейді, қажетті сома блокқа қойылады, осылайша оны пайдалану мүмкіндігін шектейді.

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді қамтамасыз ету орындалғаннан кейін блокқа қойылған сома қайтаруға немес есепке алынуға жатады. Төлем бойынша міндеттемелер орындалмаған кезде сома бюджетке аударуға жатады.

ЕАЭО КК 447-бабына сәйкес ЕАЭО КК 48-бабының 1-тармағының қағидалары алдын ала кедендік баждарды, салықтарды төлеу, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу есебіне енгізілген қаражаттарды аванстық төлемдер деп тану мүмкіндігі бөлімінде Одақ туралы Шартқа аванстық төлемдерді кедендік баждарды, салықтарды төлеу, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеу есебіне есепке алу мүмкіндігі бөлігінде енгізуді қарастыратын халықаралық шарт күшіне енген күннен бастап қолданылады.

Сонымен, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шартқа аталған өзгерістер күшіне енгенге дейін 106101 БСК (әкелу кедендік бажы) және 106202 БСК-ге (әкету кедендік бажы) аванстық төлемдерден есепке алу мүмкін емес.