Жарияланған күні: 04.11.2021 17:12
Өзгертілген күні: 04.11.2021 17:22

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 1093, сондай-ақ 2018 жылғы 7 қарашадағы № 979 бұйрықтарымен Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Яғни, жоғарыда көрсетілген бұйрықтарға сәйкес Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы 105330 «Жер қойнауын пайдаланушылардың басқа түсімдері» бюджеттік сыныптау кодымен (бұдан әрі - БСК) толықтырылды.

Аталмыш БСК 2010 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы құқықтық қатынастар шеңберінде төленген кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке жатқызуға арналған.

 

Тарифтік реттеу басқармасы