Жарияланған күні: 30.12.2021 17:46
Өзгертілген күні: 30.12.2021 17:50

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 наурыздағы № 17 шешімінің (бұдан әрі – № 17 шешім, Комиссия) 2021 жылғы 12 қазаннан бастап күшіне енгені туралы хабарлаймыз.

№ 17 шешімімен Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі-Одақ) тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы дамушы елдердің саны айтарлықтай қысқарды.

Алайда, егер тауарларға арналған декларация ағымдағы жылғы 12 қазанға дейін Мемлекеттік кірістер органдарында тіркелсе, бірақ одақ туралы Шарттың 36-бабында көзделген тарифтік преференция онда мәлімделмесе не мәлімделсе, бірақ кедендік бақылау нәтижелері бойынша тауарларды шығарғанға дейін Мемлекеттік кірістер органы тауарларды осындай преференцияны берместен шығару туралы шешім қабылдаса, сыртқы экономикалық қызметке қатысушының Комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 64 шешімімінде көзделген шарттар орындалған жағдайда, 12 айлық мерзім аяқталғанға дейін тарифтік преферецияны қалпына келтіру туралы өтініш беруге құқылы (бұдан әрі – СЭҚҚ, № 64 шешім).

Сонымен қатар, Кедендік бақылау нәтижелері бойынша тауарларды шығарғаннан кейін Мемлекеттік кірістер органы тауарларға арналған декларация 2021 жылғы 12 қазанға дейін тіркелген және СЭҚҚ № 64 шешімде көзделген шарттар орындалған жағдайда, тарифтік преференцияларды қолданбауға байланысты тауарларға арналған декларацияға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған кезде СЭҚҚ-ға тарифтік преференцияларды қалпына келтіру де қолжетімді болады.