Жарияланған күні: 22.12.2022 13:01
Өзгертілген күні: 22.12.2022 13:33

«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығының 7-тарауының 20 тармағына сәйкес  шетелдік тауарларға ие және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғалар жартыжылдықта бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың оны күнінен кешіктірмей тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу бажының ең төмен мөлшерлемесі қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есепті ұсынады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, шетелдік тауарларға ие және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғаларға тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органына 2023 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде 2022 жылғы 2 жартыжылдықтағы шетелдік тауарларды жөніндегі есепті ұсынсын.      

                                                                                                                                                                        Аудит басқармасы