Жарияланған күні: 02.02.2024 18:23
Өзгертілген күні: 02.02.2024 18:28

CЭҚ қатысушыларының назарына
«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары міндетін атқарушы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушы 2023 жылғы 30 наурыздағы № 306 бұйрығы 2023 жылғы 14 сәуірден бастап күшіне енді.
«Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығының 7-тарауының 20 тармағына сәйкес шетелдік тауарларға ие және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғалар жартыжылдықта бір рет, 5 ақпаннан және 5 тамыздан кешіктірмей тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органына осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленгенге қарағанда кедендік әкелу бажының ең төмен мөлшерлемесі қолданылатын тауарларды пайдалану бойынша есепті ұсынады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, шетелдік тауарларға ие және (немесе) оларды пайдаланатын тұлғаларға тіркеу есебінде тұрған мемлекеттік кірістер органына 2023 жылғы 05 ақпанға дейінгі мерзімде 2023 жылғы 2 жартыжылдықтағы шетелдік тауарларды жөніндегі есепті ұсынсын.
Аудит басқармасы